Бұдан былай білім беру жинақтау салымдары өндіріп алуға жатпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұдан былай білім беру жинақтау салымдары өндіріп алуға жатпайды

Бұдан былай білім беру жинақтау салымдары өндіріп алуға жатпайды

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі №11-VI Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, деп жазады 24 kz.

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 464
Фото - Caravan.kz


Оған сәйкес «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы клиенттің ақшасына өндіріп алуды жүргізуге жол берілмейді. Мәлімет үшін: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтары болашақта кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге жұмсауға болатын ұзақ мерзімді салым аша алады. Бұл салымға банктен сыйақы (14%) және жыл сайын мемлекеттен сыйлықақы (5-7%) есептеледі. Мемлекет сыйлықақасының мөлшері – жылдық 5%, басымдылықты санаттағы балалар: жетім балалар, мүгедек балалар, аз қамсыздандырылған, көпбалалы отбасылардағы балалар үшін – жылдық 7%. Бала мемлекеттік білім грантына ие болған жағдайда барлық жинақталған қаражат толығымен салымшының иелігіне өтеді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.