Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды

Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды

Мақпал Исабекова алғаш рет өзінің түрлі қиындыққа толы балалық шағы туралы айтып берді. Ол мектепте оқып жүрген кезінде түнімен мәнті сатып анасына қолғабыс еткен екен. Мұнымен қатар, жұрттан тығылып жүріп секонд-хэнд дүкендерінен киім алып кигенін еске алды. Десе де, әнші дәл қазір бұл әрекеттері үшін еш ұялмайтындығын жеткізді.

  • 21 Қыркүйек 2016
  • 2418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана арнасының “Жансырым” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Мақпал Исабекова журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында осы күнге дейін ешкіммен бөліспеген сырын айтты. Ол бала күнінде анасына мәнті сатуға көмектесіп, секонд-хэнд дүкендерінен киінген екен. Десе де, әнші дәл қазір осындай тағдыры үшін Жаратқанға тек алғыс айтатынын жеткізді.

– Психолог мамандар образын жиі ауыстыратын адамдарды – өз өмірінде бірнәрсені өзгерткісі келіп жүрген жандар деп бағалайды. Ал сен өміріңде нені өзгерткің келеді?

– Өзімді шығармашылық адамдарының қатарына қосамын. Ал шығармашылық адамдары үнемі өзгеріп тұруды жөн көреді. Әрдайым бірнәрседен шабыт алып, өмірге қайта ғашық болғанды ұнатамын. Өзімнің жаңа қырларымды ашқым келеді. Әрдайым тек бір образбен жүріп, айнадан күн сайын бір жүзді көру – мен үшін жат нәрсе.

– Сені танитын адамдар күш-жігеріңнің мықты екенін айтады. Белгілі бір диета түрін ұстағанда қиналасың ба?

– Шыны керек, ешқандай да диета ұстамаймын. Арасында ауқымды жобаларға дайындалған кезде аз уақыт ішінде көп салмақ тастауым мүмкін. Әдетте наннан бас тартамын.

– Жаркентке қайта оралайықшы. Бәлкім балалық шағыңда өзіңе ерекше әсер еткен оқиға немесе адам бар шығар?

– Мен балалық шағымды ерекше махаббатпен еске аламын. Себебі,  бұл – мен қайта-қайта орала бергім келетін сәт. Ермінезді болдым. Ұлдармен атыспақ ойнап, қолыма автомат ұстадым. Кейде медбике болып оларды емдейтінмін. Ал мектепте ән айта бастағанға дейін өте жақсы оқыдым. Ұстаздарым бар шындықты жайып салғаным үшін ренжитін шығар. Бірақ, олар менің жарыстарға бола сабаққа келмеуіме көз жұматын. Балалық шағым осылай өтті.


– Кешегі Мақпал мен бүгінгі Мақпалдың айырмашылығы қандай?

– Superstar байқауындағы Мақпал жоқ. Көпшілік менен сол Мақпалды қайтаруымды талап етіп жатады. Бірақ мен 18 жастағы сіздер көрген бейкүнә Мақпалға айнала алмаймын. 32 жасымда көпшілік білетін томпақ, қара қыз Мақпал бола алмаймын. Аңқау қыздың бетпердесін кигім де келмейді. Өтыздан астым. Қазір бұл сөздер сондай қорқынышты естіледі.

– Мақпал, сен мықтысың ба әлде әлсізсің бе?

– Мен мықтымын, бірақ әлсіз болғым келеді. Қасымда мықты адам пайда болған кезде ғана әлсіз болатын шығармын.

– Өміріңдегі ең қиын кезең туралы айтып бере аласың ба?

– Бұл 90 жылдар шығар. Анам екеуіміз майшаммен отырып мәнті жасайтынбыз. Артынша 300-400 мәнтіні түнімен сатып, 700-800 теңгедей ақша алатынбыз. Анам таңғы беске дейін сауда жасайды, мен қасында отырып сабағымды оқимын. Бәрін сатып болған соң үйге жаяу жүріп келеміз. Бұл қашықтықтың қаншалықты ұзақ болғанын қазір тіпті есіме алғым келмейді. Үйге келген соң анам жұмысқа, мен сабаққа жиналамын. Біз ұзақ уақыт осылай өмір сүрдік. Сол кезде осының барлығы үшін сыныптастарымнан қатты ұялатын едім.

Қанша дегенмен олар бізге қарағанда жақсырақ тұрды. Анам мен әкем біздің ел қатарлы өмір сүруіміз үшін барлығын жасады. Арасында секенд-хэндке барып киінетін кездеріміз де болды. Жақсы күртелер мен кеудешелер алатынмын. Ол жерге сыныптастарым көріп қоймасыншы деген ниетпен басымды бүркеп кіретін едім. Алайда дәл қазір бекер ұялғанымды түсінемін. Осы нәрсе менің мінезімді қалыптастырып, мақсатыма жетуде табандылық танытуға көмектесті. Мен дәл осындай тағдырым үшін тек алғыс айтамын.