Егер келесі айдың басына дейін ауыстырып үлгермесеңіз де, ескі банкноттар жарай береді. Оны алдағы жылдың аяғына дейін еліміздің кез келген банкінде ауыстырып ала аласыз, деп жазады 24 kz.
— Қазіргі мониторинг бойынша халық арасында айналымда жүрген ескі банкноттардың көп емес екені анықталды. Ескі ақша айналымына қатысты арыз-шағымдардың бар екенін білеміз. Кейбір банктер ол купюраларды әлі қолданып келеді. Қараша айының 3 жұлдызынан кейін ондай әрекеттің болмауын қатаң қадағалаймыз, дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.