Ақтөбеде 6 жасар қызды зорлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 6 жасар қызды зорлап кетті

Ақтөбеде 6 жасар қызды зорлап кетті

Ақтауда орын алған оқиға Ақтөбеде қайталанды. 30-дан асқан ер адам 6 жасар қызды зорлады. Күдікті – бүлдіршіннің өгей әкесінің бауыры болып отыр.

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 2153
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 15 қыркүйек күні шамамен кешкі сағат 9-да бүлдіршін тұратын жеке меншік үйде орын алды. Зорланған қызды сарайдан оның 10 жасар ағасы тауып алған, артынша тез арада болған жағдайды ата-анасына жеткізген. Баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Сот-медициналық сараптама баланың зорланғанын растады. Жәбірленушіні ауруханаға апарудың қажеті болмаған, алайда қазір бүлдіршінмен психологтар жұмыс істеуде.


Басылымның хабарлауынша, күдікті тез арада қолға түскен. Қылмыскер –  қыздың өгей әкесінің інісі болып шықты. 30 жастан енді асқан ер адам сол күні туыстарына қонаққа келген.