Бұл туралы Gizmodo сайты хабарлады.
Дәрігер басты толық кесіп тастамай, омыртқаны ғана тілген. Канавероның сөзіне қарағанда, ол өз жұмысында полиэтиленгликольды пайдаланды. Бұл зат жұлынның зақымдалған бөліктеріне енгізіліп, мыңдаған нейронның арасындағы байланысты қалпына келтіруге септігін тигізді.
Тәуелсіз мамандар атап өткендей, жануарлардың омыртқасы тиісті дәрежеде зақымдалғанын дәлелдейтін мәліметтердің және бақылаушы топтардың болмауы тәжірибенің құндылығын төмендетіп отыр.
Канаверо тәжірибесі нейродегенеративті дертке шалдыққан ресейлік азаматтың басын алмастыруға дайындық аясында жасалды. Алайда, отаны жасау мүмкіндігін растайтын ешбір сенімді дәлел жоқ.
Тәжірибенің видеосын мына жерден көруге болады.