Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға жария етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға жария етілді

Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға жария етілді

 

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 3340
Фото - Caravan.kz

Таудай қарыздан құтылу үшін мына дұғаны оқыңыз, деп жазады ihsan.kz.

Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

  • Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, — дейді. Сонда Әли:
  • Қаласаң, Пайғамбарымыздың ﷺ маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, — деп мына дұғаны үйретті:

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ


Аллаһуммәкфинии би хәләликә ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә әммән сиуак

Мағынасы:

Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!