Әпкесінің айтуы бойынша 2016 жылы 13 қыркүйекте 15 жастағы сіңілісі екеуі Шымкент қаласындағы «Алаш» базарына келген, содан 17 сағат 30 минут шамасында сіңілісі Айда Абдусаматова белгісіз бағытқа кетіп қайтып оралмағандығын айтып көрсеткен. Аталған жайт Әл-Фараби ПБ СДТТБ тізіміне тіркелді. Бүгінгі таңда 15 жастағы Айданың жүрген жерін анықтау барысында полицейлер барлық жедел іздестіру шараларын жүргізуде.
Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы 155-160 см., орта денелі, шашы қара, көзі – қара түсті. Қоңыр-сары түсті кеудеше, қара түсті спорттық шалбар, жазғы аяқ киім киген.
Ерекше белгілер: Ішінің оң жақ төменгі тұсында отадан қалған (аппендицит) тыртығы бар. Жоғалған 2001 жылғы Абдусаматова Айда Даниярқызының жүрген жері туралы қандай-да бір ақпарат білетіндер болса полицейге хабарлауын сұрайды. Тел: 102 немесе 8-771- 883-30- 13.