Атыраулық әйел үш баланы үйде босанған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық әйел үш баланы үйде босанған

Атыраулық әйел үш баланы үйде босанған

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Сотта шағыммен жүгінген әйелдің ер адаммен азаматтық некеде тұрып жатқаны анықталды. Олардың үш кәм?

  • 24 Қыркүйек 2016
  • 458
Фото - Caravan.kz


«Сотта шағыммен жүгінген әйелдің ер адаммен азаматтық некеде тұрып жатқаны анықталды. Олардың үш кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.  Балалардың барлығын үйде босанған. Себебі оны құжаттары мен тұрақты тұратын орны болмағанын желеу етіп, ауруханаға қабылдамаған.

2015 жылғы желтоқсанда  үйлері өртеніп кетіп, оларды дағдарыс орталығына орналастырады. Ол жерде шағымданушының балаларының құжаты жоқтығы үшін тіркеуден бас тартқан. Сот шағымданушының өз балалары екеніне келтірген жеткілікті дәлелдерін ескеріп, балалардың туғанын заңды растау туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарды», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.