Мүфтият имамы Дариға Назарбаеваны сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүфтият имамы Дариға Назарбаеваны сынға алды

Мүфтият имамы Дариға Назарбаеваны сынға алды

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі Батыс Қазақстан облысындағы өкілдерінің бірі Бақытжан Құралбайұлы ҚР Парламент Сенаты Халықаралық

  • 26 Қыркүйек 2016
  • 688
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі Батыс Қазақстан облысындағы өкілдерінің бірі Бақытжан Құралбайұлы ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваны сынға алды, деп жазады Sn.kz.

Бұған дейін сенатор еліміздегі "халал" балабақшаларға шүйліккен еді. Ал, имам болса баланы қылмысқа итермелейтін дін еместігін айтып отыр.

"Жақында бізде "халал" балабақшалар барын білдім. Мен өте ашулымын! Бұл жазда болған жайттар бізді көп нәрсеге үйретті деп ойлаймын — олар бізге осал тұстарымызды көрсетті. Сол үшін көрпе астына тығылмай, жұмыс істеу керек", — деді сенат комитетінің басшысы Парламент қабырғасында өткен жиындардың бірінде. Д.Назарбаева жазда болған жайттар деп Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғаларды айтқан болатын.

Ал, Оралдағы мешіттің имамы Бақытжан Құралбайұлы болса өзінің Фэйсбуктегі парақшасында сенатормен келіспейтінін меңзеген.

"Сонда бала кезінен шошқа етін жеп өскендер мен араққа арын сатқандар қылмыс жасамайды ма екен?…" дейді мүфтияттың өкілі. Бірақ, дін өкілі араққа арын сатқан балалар деп нақты кімдерді айтқанын көрсетпеген.


Жалпы, бұл жерде Дариға Назарбаеваның алаңдайтындайы да бар. Дін атын жамылған радикалды ағымдардың қазір барлық салаға дендеп кіріп алғанын көріп отырмыз. Олардың тым еркінсігені сонша, көшеге қару алып шығып, қарапайым халық пен тәртіп сақшыларын ата бастады. Президенттің өзі елде орын алған терактілердң артында салафизм ұстанушылары тұрғанын қадап айтса да, заң шығарушы орган исламның бұл ағымына әліге дейін тыйым сала алмай отыр. Тіпті, бұл ағымның сөзін сөйлеген депутаттар мен ірі шенеуніктер де болды.

Ал, радикалды діндарлары көп саналатын Батыс Қазақстан облысының имамы сенатордың осынау пікіріне неліктен қарсы шыққаны түсініксіз.