Баян Есентаева: Менің денсаулығыма әлі де күтім керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева: Менің денсаулығыма әлі де күтім керек

Баян Есентаева: Менің денсаулығыма әлі де күтім керек

Продюсер Баян Есентаева ем қабылдау үшін Үндістанға барды.

  • 26 Қыркүйек 2016
  • 790
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дәрігерден дәрігер қоймай қаралып жүрмін, бүгінгі менің жағдайым осы. Қазір Үндістан астанасындамыз. Денсаулығыма әлі де күтім керек. Делиде толық тексерілуден өтем деп шештім. Неге? 3,5 жарым сағат тікелей рейспен ұшып келдім, барлығын қосқанда check-up 550 $. Салыстырмалы түрде айтқанда былтыр, Кореяда 5 есе артық төлегенмін. Дәрігерлер — АҚШ пен Британияда білім алып, жұмыс істеген білікті мамандар», деп жазды ол өз парақшасында.

Баян Есентаева парақшасында дизайнер Аида Кауменовамен бірге зерттеу институтында түскен суретін жариялады.


Еске сала кетейік, Баян Есентаеваны 10 маусымда күйеуі Бақытбек Есентаев соққыға жыққан болатын.