Қазақстанда жыл басынан «Таблиғи жамағат» ұйымының 14 жақтасы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл басынан «Таблиғи жамағат» ұйымының 14 жақтасы сотталды

Қазақстанда жыл басынан «Таблиғи жамағат» ұйымының 14 жақтасы сотталды

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанда «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының 14 жақтасы сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті.

&la

  • 26 Қыркүйек 2016
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Әдетте,  экстремистік топтың қатарына қосылу жасақтаушы тарабынан кандидаттарды идеологиялық «тазалау» арқылы жүзеге асырылады. Олар бастапқы кезеңде өз қызметтері туралы шынайы ақпараттарды жасырын ұстайды», — деп хабарлады ҚР ҰҚК-ден.

Сонымен қатар комитет Қазақстанның екі азаматының Пәкістан миграциялық қызметі тарабынан ұсталғандығын растады. ҰҚК мәліметтеріне сәйкес, олар 10 қыркүйек күні тұтқынға алынып, 13 қыркүйекте бостандыққа жіберілген.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтар Гужрат қаласында визалық режімді бұзғаны үшін ұсталды. Олар «ТабдиғМарказы»  (Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйым жақтастарының оқу орны) семинарында оқып жүрген.

Екі қазақстандықтан басқа, Пәкістанда Суданнан алты азамат, Қытайдан бес, Индонезиядан төрт, Тайланд, Филиппин, Чададан екі-екіден, Малайзиядан бір азамат тұтқынға алынды.



null 

#қазақстанда #таблиғи жамаатт