Шымкентте Қазақстан ипотекалық компаниясы үй алуға өтініш қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Қазақстан ипотекалық компаниясы үй алуға өтініш қабылдайды

Шымкентте Қазақстан ипотекалық компаниясы үй алуға өтініш қабылдайды

3-7 қазан аралығында Шымкентте Қазақстан ипотекалық компаниясы үй алу туралы өтініштер қабылдайды.

  • 30 Қыркүйек 2016
  • 732
Фото - Caravan.kz

Пәтерлер қаланың Төлеметов көшесіндегі 7 қабатты екі үйде орналасқан. Берілетіін пәтерлер саны – 96. Бұл туралы Шымкент қаласының ресми сайтына сілтеме берген kn.kz хабарлайды.

Өтініштер е-gov порталында электронды сандық қол қою арқылы қабылданады. Осыған дейінгі ҚИК жариялаған конкурстан өтпеген қатысушылар тағы өтініш жазуына болады. Құжаттарды электронды жолмен тапсыру туралы кеңесті ХҚО мен Шымкент қ. тұрғын үй қатынастары бөлімінен алуға болады.

ҚИК-тен пәтерді көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-ана күтімінсіз қалған балалар, оралмандар, мемқызметкерлер, әскерилер мен бюджеттік сала қызметкерлері ала алады.