Атырауда ұлтаралық ұйымдасқан топ құрды деген күдікпен ұсталғандар қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ұлтаралық ұйымдасқан топ құрды деген күдікпен ұсталғандар қамауға алынды

Атырауда ұлтаралық ұйымдасқан топ құрды деген күдікпен ұсталғандар қамауға алынды

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы 3 адамға қатысты қылмыстық іс құжаттарымен танысу кезеңінде оларды күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасына 1 айға санкция берді.

  • 1 Қазан 2016
  • 885
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу органы күдіктілерді ұлтаралық ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету, қатысу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту және көлік құралдарын, тұрғын үй-жай беру, сондай-ақ шетелдіктерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету көші-қонды ұйымдастыру болып табылатын қылмыстар бойынша айыпты деп танып отыр.