Мирзияев қудалауда жүрген өзбек жұлдыздарын сахнаға қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мирзияев қудалауда жүрген өзбек жұлдыздарын сахнаға қайтарды

Мирзияев қудалауда жүрген өзбек жұлдыздарын сахнаға қайтарды

Өзбекстанда Шерәлі Джураев, Юлдуз Усманова және Обид Асомовтың концерттерін өткізбу туралы құпия бұйрықтың күші елдің уақытша президенті Шавкат Мирзияевтың шешімі бойынша жойылды.

  • 3 Қазан 2016
  • 1446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Озодлик» радиосы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 27 қыркүйек күні Өзбек ССР-і Халық әртісі, көптеген мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Шерәлы Джураевтың үйінде осы жағдайға байланысты мереке болған. Әншінің продюсері Равшанбек Омоновтың айтуынша, сол күні елдің уақытша президентінің көмекшісі хабарласып, қуанышты хабарды жеткізген. Халықтың сүйікті әншісі 1993 жылдан бері үлкен сахналарда өнер көрсетпеген.

Өнер аулына оралуға әнші Юлдуз Усмановаға да рұқсат етілген. Оған 2005 жылдан бері сахнаға шығуға тыйым салынған болатын. «Өзбекнаво» өкілінің хабарлауынша (әртістердің концерттік жұмысын реттеуші эстрадалық бірлестік) Усманова бұл жаңалықты естіп, көңілі босаған және Мрзияевке алғыс білдіріпті.

26 қыркүйек күні 10 жыл бұрын шығарылған тиым салу туралы құпия бұйрық әзілкеш әртіс Обид Асомовтан да алынып тасталды. Ол осы аралықта амалсыздан Ресейде өнер көрсетіп жүрді.

Сондай-ақ, Өзбекстанның халық әртістері Артық Атаджанов пен Бобомурад Хамдамовқа да шығармашылығын жалғастыруға мүмкіндік берілді. Қуанышты хабарды ақын Мухаммад Исмоил жеткізген. Оның айтуынша, бастаманы Шавкат Мирзияев көтеріпті. «Өзбекнаво» эстрада бірлестігі аталған адамдарды мемлекеттік шараларға тарту туралы жоғарыдан бұйрық алған көрінеді.


Жалпы, Ислам Каримовтың кезінде бірталай әнші әртістерге өнер көрсетуге тыйым салынған болатын. Мәселен жазда ғана видеоға жалаңаш түскені үшін басы дауға қалған өзбек әншісі Тамила да биліктің нұсқауымен сахнаға аттап баса алмай қалған еді.