"Агенттік пультіне "BOSSFOR" кафесінен хабар келіп түсті, бұл хабар 6-7 адамның есеп айырыспай, мекеме жұмысшыларымен қақтығысқаны туралы еді. Қазіргі уақытта кафе біздің агенттіктің қарауында, сондықтан күзет тобы оқиға орнына шықты. Кафеге барған қызметкерлеріміз қонақтарды сабырға шақырмақ болды. Бірақ кафе қонақтары біздің қызметкерді ұрды, автоматын тартып алмақ болды. Осыдан кейін қосымша күш шақыртылды. Оқиға орнына күзетшілерімізден тұратын екі топ барды", — деді "Элекор Кузет" күзет агенттігінің жетекшісі Эдуард Безо.
Оның айтуынша, күзет фирмасының қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр. "Біз қазір осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатырмыз. Біздің қызметкерлер облыстық ІІД-ге барды. Видеоматериал тексеріліп жатыр, оқиға орнына барған қызметкерлерден түсінтеме алдық", — деді Эдуард Безо.
Күзет фирмасындағылар видеоны әлеуметтік желіге таратуды арандату деп есептейді екен. "Видеоның бірінші бөлігінде кафе қонақтарының күзетшілерге қатысты күш қолданғанын көруге болады. Бірақ екінші бөлігі ғана таралып жатыр. Бұл арандату мақсатында жасалды деп есептейміз", — деді Эдуард Безо.
Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды.
Видеода былапыт сөздер айтылады!