27 қыркүйек күні қала тұрғындарының бірі ішкі істер органына қоңырау шалады. Ол Лихарев көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызға жыныстық әрекет жасағанын айтады.
“Аталған дерек қылмыстық құқық бұзушылық бар деген негізде тіркеуге алынып, ҚР қылмыстық кодексінің 124 бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда полиция күдікті адамды табуға бағытталған шаралармен айналысуда.