Caravan.kz медиа-порталы еліміз вице-премьерінің үлкен қызының қалай өмір сүріп жатқанын анықтап көрді. Әсел Тасмағамбетова туралы бір нәрсе білу оңай болмай шықты. Әлеуметтік желілерде оның ашық аккаунттары немесе Қазнетке шығып кеткен атышулы фотосуреттері жоқ. Әсел жұртқа ашық адам емес екен. Журналистермен сөйлеспейді, жеке өмірі туралы сұхбат бермейді.
Әсел Тасмағамбетова Иманғали Тасмағамбетов пен Клара Бекқұлованың отбасында 1979 жылы туылған. Ол – Софья және Нұрсұлтан Тасмағамбетовтердің әпкесі. Әсел заңгер мамандығын оқыған.
Софья Тасмағамбетова
Күйеуі – еліміздегі белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев. Ол – венчуралық инвестор. SAT & Company және Net Element холдингтерінің директорлар кеңесін басқаратын Рақышев — Genesis Angels халықаралық венчуралық қорының негізін қалаушылардың бірі.
Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова
Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетованың екі ұлы бар: Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұриддин (2005 ж.т.).
Қазір Әсел белсенді түрде қайырымдылықпен, дарынды балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағдарламасын дамытумен айналысуда.
Әсел Тасмағамбетова "Өз бизнесіңді жаса" байқауының жеңімпаздарын марапаттауда
Ол – «Сәби» жекеменшік қайырымдылық қорының президенті. Биыл бұл қордың құрылғанына 14 жыл болады.
Nomad’s Way әлеуметтік-мәдени акциясы
Сондай-ақ, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты да Әселге тиесілі. Бұл институт 2012 жылы ашылған. Мұнда биотехнология, ихтиология, генетика, селекция және география салалары бойынша зерттеу мен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Институтта 6 департамент, 5 зертхана және 7 басқарма бар. Оған арнап енді жаңа ғимарат салынып жатыр.
Жаңа ОАЭЗИ-дің нобайы
Әсел Тасмағамбетова – 2008 жылы ашылған Telli Kazakhstan био-бутигінің де иесі. Бұл – еліміздегі жалғыз «органикалық» бренд. Telli-дің кафесі, косметологиялық бөлмесі, дәріханасы және үстіге себетін, боянатын заттар сату жөніндегі бөлімі бар. Сондай-ақ, оның Астана мен Алматыда бөлімшелері ашылған.
Алматыдағы Telli Kazakhstan
«Радиоточка» Әсел Тасмағамбетованың Veless компаниясының жарғылық капиталында үлесі бар екені туралы жазған еді. Бұл компания — «НефтьГазМаш» кәсіпорнының қосалқы иесі. Аталған кәсіпорын Қарағанды облысында «Балқашцветмет» өндірістік бірлестігі кен байыту фабрикасындағы мыс және ілеспе заттарды барлау ісін қадағалайды.
Әсел Тасмағамбетова 2013 жылы ҚР президенті әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.
Табыскер бизнес-вуменді өнер жұлдыздары мен танымал адамдар қатысатын түрлі шаралардан да көруге болады.
Алматыдаға Louis Vuitton бутигінің ашылу рәсімі (Тасмағамбетова ортада)
Әсел Тасмағамбетова мен Батырхан Шүкенов
Әсел Тасмағамбетова мен Сигурни Уивер