Министр Павлодар кафесінде клиенттерді соққыға жыққан күзетшілерге қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.26
  • 530.54
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Павлодар кафесінде клиенттерді соққыға жыққан күзетшілерге қатысты түсініктеме берді

Министр Павлодар кафесінде клиенттерді соққыға жыққан күзетшілерге қатысты түсініктеме берді

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Павлодар кафесінде клиенттерді соққыға жыққан күзетшілерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 5 Қазан 2016
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Дәмхана күзет құрылымымен келісімшартқа отырған. Күзет құрылымы тиісті лицензияға, рұқсат етілген қару-жараққа ие. Дәмханада отырған жігіттер, ақша төлеместен шығып кеткен, күзет жігіттері оларды қуып жетіп, қарызды өтеуді сұраған. Содан кейін орын алған оқиғаны екі жақ басқаша айтып жатыр. Бірі қару жарақ алып шығып, оқсалғышын шешпек болған деп айтады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан қазір бірдеңе айту қиын. Олардан жауап алынады, барлық видеоматериалдар тексерілуде. Екі тарап та заңға сай жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті ол.

Айта кетейік, мұнда павлодарлық «Босфор» дәмханасындағы төбелес жайлы сөз болып отыр. Жуырда белгісіз біреулер мекеме клиенттерін күзетшілердің ұрып жатқаны бейнеленген видеоны желіге жариялады.


«Факт ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді.  Аталған қылмысты жасады деген күдікпен «Элекор Күзет» фирмасының екі қызметкері ұсталды», — деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметі.