НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың "Ислам мемлекетіне" (ДАИШ, ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарсы әскери операцияға қатыспайтындығын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.
"НАТО әскери операцияға қатыспайды. НАТО қарулы күштерін даярлап жатыр, біз осымен көбірек айналысамыз. Өйткені Ирактың әскери күштері алдағы уақытта ДАИШ-пен НАТО-мен бірігіп операция жүргізгеннен гөрі, өздері күресе алатындай болуы керек", — деді Столтенберг журналистер сұрағына Ауғанстан туралы халықаралық конференция басталар алдында.
Мұның алдында альянс бірнеше рет Сирия мен Ирактағы ДАИШ-ке қарсы операцияға қатыспайтындығын, бірақ, АҚШ басшылығымен әрекет етуші коалицияны қолдайтынын мәлімдеген. Осылайша, альянс коалицияға Сириядағы жағдайды елдің ауа кеңістігіне кірмей-ақ бақылайтын AWACS қашықтық радиолокациялық анықтау ұшағын ұсынады.