Алматыда «Қолжетімді жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Алматыда «Қолжетімді жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды

 Алматыда «Қолжетімді жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды

Екі қолға бір күрек іздеп жүргендер үшін жаңа мүмкіндік туды.

  • 6 Қазан 2016
  • 415
Фото - Caravan.kz

Алматыда «Қолжетімді жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жетісу аудандық прокуратурасының бастамасымен құрылып отырған жоба бойынша жалданбалы жұмыс іздеушінің білімі немесе еңбек өтілі талап етілмейді. Сондай-ақ, жұмыс іздегендер таң сәріден кешке дейін аяғынан тік тұрып, жұмыс берушіні көшеде күтпейді. Тек хабарландыру жарияланатын арнайы сайтта өз түйіндемесін қалдырса болғаны.

— Тағы да мақсат – Алматы қаласы бойынша мүлікке қатысты қылмыстардың санын барынша азайту. Алматының Сейфуллин-Рысқұлов көшелерінде отыратын азаматтарды сол жерден үйлеріне бағыттау, дейді Жетісу аудандық прокуратурасының прокуроры Нариман Бекназаров.


Соңғы жаңалықтар