Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Алматыда Медеуге барар жолда жолаушылар автобусы түгелдей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өртеніп жатқан

  • 6 Қазан 2016
  • 502
Фото - Caravan.kz

Алматыда Медеуге барар жолда жолаушылар автобусы түгелдей жанып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өртеніп жатқан қоғамдық көліктің видеосын куәгерлер жіберген. 

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бұл оқиға Достық даңғылында, Бутаковкаға жақын маңда болған. 14.59-да Алматы ТЖД-нің "101" пультіне Медеу ауданы Достық даңғылы Бутаковкаға жақын маңда 29 маршруттағы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарланған. 15.15-те оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер мәліметті растады: автобус өртенген және өрттің жалыны құрғап шөпке көшкен. Өрт 15.26-да ауыздықталып, 16,08-де толығымен сөндірілген", — деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.


Перейти к новостям спорта