Америка жаңа екі атом бомбасын сынақтан өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америка жаңа екі атом бомбасын сынақтан өткізді

Америка жаңа екі атом бомбасын сынақтан өткізді

АҚШ-та жаңғыртылған B61-7 және B61-11атом бомбаларын сынақтан өткізу сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2016
  • 742
Фото - Caravan.kz

АҚШ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың (NNSA) хабарлауынша, B-61 бомбасы негізінде жасалған, ядролық оқтұмсықтары жоқ екі ату жарағы В-2A көзге көрінбейтін бомбалаушылардан Невада штатындағы Тонола полигонына тасталды. «Құрылғылардың анализі мен борттағы өздігінен жазу құралдарының мәліметтері екі сынақтың да сәтті өткенін айғақтады», — делінген хабарламада.

NNSA АҚШ әскери әуе күштерімен бірігіп өткізген сынақтарының негізгі мақсаты жетілдірілген бомбалардың сенімділігі мен нақтылығын анықтау болғанын атап өтті. Жетілдірілген атом бомбаларының алдыңғы сынақтары 2015 жылы қараша айында өткен болатын.