Астана маңындағы әскери бөлімде ірі өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.17
  • 599.54
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана маңындағы әскери бөлімде ірі өрт болды

Астана маңындағы әскери бөлімде ірі өрт болды

ҚР Қорғаныс министрлігінің 68665 әскери бөлімінде (Аэроұтқыр әскерінің 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы) үлкен өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 7 Қазан 2016
  • 580
Фото - Caravan.kz

«6 қазан күні сағат 10:12-де «101» номеріне «Теміржолшы» тұрғын үй алқабы ауданындағы №68665 әскери бөлімінде автокөлік дөңгелектері өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Кезекші топ өрт орнына жеткен кезде, сағат 10:22-де 300 шаршы метр аумақта резеңке-техникалық жабдықтар мен әскери бөлімнің оқ атып жаттығатын тирларының ағаштары жанып жатқан. Өрт 13:23-те ауыздықталып, сағат 13:55-те толық сөндірілді»,-деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігіне Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Әзірге Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметімен және әскери бөлімнің жауапты тұлғаларымен хабарласу мүмкін болмай отыр.