Ересек әйелдер мен ерлерге арналған балабақша ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ересек әйелдер мен ерлерге арналған  балабақша ашылды

Ересек әйелдер мен ерлерге арналған балабақша ашылды

Ресейлік бағдарламашы Евгений Пятковский ересектерге арналған балабақша ашқан.

  • 7 Қазан 2016
  • 663
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

“Менің қызым балабақшаға қуана-қуана барады. Достарымызбен ой бөлісіп отырған кезде ересектерге арналған осындай мекеме ашу туралы идея келді” – дейді автордың өзі.

Ол осындай ересектерге арналған мекемені Мәскеу мен Санкт-Петербургте ашып, шаруасын дөңгелетуді ойлап отыр. Үлкендер балабақшасының кәдімгідей өзіндік асханасы мен түрлі үйірмелері де бар.

Бір тәулік құнынан бес мың теңге мөлшерінде төлеп, әр топқа он адамнан бөлінеді екен. Онда баруға 28-40 аралығындағы ерлер мен 23-30 жас аралығындағы қыз-келіншектер қызығушылық танытып отырған көрінеді.