Әлемде ересек адамды алғаш рет АИТВ-ден емдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде ересек адамды алғаш рет АИТВ-ден емдеді

Әлемде ересек адамды алғаш рет АИТВ-ден емдеді

Дәрігерлер 44 жастағы британиялық азаматты АИТВ  инфекциясынан емдеді. Мұндай жағдай әлемде алғаш рет болып отыр. Мамандар бұл оқиғаға деген таңданыстарын жасыра алмады.

  • 8 Қазан 2016
  • 582
Фото - Caravan.kz

Британиялыққа жаңа әдіспен ем жүргізілген. Ол дененің барлық мүшесіндегі вирусты өлтіретін терапиядан өткен. Артынша анализдері оң нәтиже көрсеткен. Бір қызығы, мұндай терапия 10 адамға жасалса да, ішінен тек бір адамға әсер еткен.


Қазіргі таңда ағзадағы АИТВ-ның белсенділігін анықтайтын арнайы аппарат бар. Бірақ ол емдемейді, тек ауру деңгейін анықтайды. Ғалымдар терапияны әзірге сынамадан өткізіп жатқандықтарын айтады.