Кәмшат Жолдыбаева: Каскадер табылмағандықтан, көпірден өзім секірдім - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәмшат Жолдыбаева: Каскадер табылмағандықтан, көпірден өзім секірдім

Кәмшат Жолдыбаева: Каскадер табылмағандықтан, көпірден өзім секірдім

«Өгей жүрек» телехикаясының бірінші бөлімінде күйеуінің опасыздық жасағанын білген Бибігүлдің (Кәмшат) көпірден секіріп кеткен сәті естеріңізде болар? Жолдыбаева түсірілім барысында қажетті маман табылмағандықтан, көпірден өзінің секіруге мәжбүр болғанын мойындады.

  • 10 Қазан 2016
  • 1524
Фото - Caravan.kz

Актриса сәтті кадр шығу үшін бірнеше рет секіргенін, ал алғаш рет секірген кезде мүлдем даусы шықпай қалғанын айтты.

«Талап бойынша шыңгыру керек еді, ал мен қорқып кеткеннен “тілімді жұтып қойдым”… Ал видеода 4 секіруім», – деп жазды ол желіде бөліскен видеосының астына.

10-ға жуық отандық кинокартинаға түскен Жолдыбаева бірінші орынға актерлікті, ал одан кейін әншілікті қоятынын мәлім етті. Ол бір емес, бірнеше кинотуындыда басты рөлді сомдауына жол ашқан продюсері Баян Мақсатқызы екенін жасырмады. Айтпақшы, Жолдыбаева шетелдік кинофильмдерге шақырту алса, қуана-қуана келісетінін айтты.

«Бүгінге дейін шетелдік фильмдерде эпизодтық көріністерге түсіп келген жайым бар. Әрине бұл менің арманым. Қуана-қуана келісемін», – деді Жолдыбаева.


Сондай-ақ, Жолдыбаева бұл фильмде басты кейіпкер Бибігүл арқылы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жетімдер проблемасының көтерілгенін тілге тиек етті.

«Өгей жүрек» бірінші рет қозғалып отырған тақырып емес. Меніңше, әйел адамдарға арналған тақырып. Жалпы басты кейіпкер Бибігүлдің өмірінің қуанышы, толғанысы, уайымы, қайғысы, қиыншылықтары, жеңістері арқылы ашылған тақырып… Қалай болғанда да ана қамқорлығын көрмеген, көргісі келіп жүрген бала мен бала сүюдің не екенін білмейтін анаға әрқашан да Алла өзінің шапағатын төгіп, жолықтырады. Фильмнің айтпағы осы», – деді ол «Қызық times» бағдарламасына берген сұхбатында.