Ауыр соққыға жығылған баскетболшы Петропавл ауруханасында көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр соққыға жығылған баскетболшы Петропавл ауруханасында көз жұмды

Ауыр соққыға жығылған баскетболшы Петропавл ауруханасында көз жұмды

Баскетболшы Игорь Нанаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 11 Қазан 2016
  • 603
Фото - Caravan.kz

Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног баскетболшының кеше кешке бақилық болғанын растады. «Ауыр бас-ми жарақатынан көз жұмды», — деді облыстық аурухананың бас дәрігері.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жергілікті «Барс» клубының мүшесі қазанның 2-нен 3-іне қараған түні түнгі клубта болған төбелес кезінде ауыр жарақаттар алған болатын. Жансақтау бөліміне жеткізілген баскетболшының бас сүйегі мен ішкі мүшелеріне қатты зақым келген.

Спортшыны өлімші етіп сабады деген күдікпен 21 жастағы тұрғын қамауға алынды.