«Эйр Астана» компаниясына қатысты іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» компаниясына қатысты іс қозғалды

«Эйр Астана» компаниясына қатысты іс қозғалды

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың жұмысына кедергі келтіргені үшін «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 11 Қазан 2016
  • 476
Фото - Caravan.kz


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 7 қазанда «Эйр Астана» АҚ тергеп-тексеруге шыққан монополияға қарсы ведомство қызметкерлерін өзінің ғимаратына өткізбеген.

Бұған дейін аталған авиатасымалдаушыға қатысты билеттерге монополиялық жоғары баға белгілегені үшін тергеп-тексеру басталғандығы хабарланған еді.

«Бұл ретте, 2015 жылғы 5 қазаннан бастап авиаұшулар қызметтеріне баға реттеу жойылғанын атап өтеміз. Баға реттеу жойылғаннан кейін авиабилеттерге бағаның елеулі көтерілгені (орташа алғанда 30 — 40 %) байқалады. Тұтынушылардан түскен шағымдарға байланысты, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді бастады. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», — деді ведомстводан.