Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты

Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты

Ибрагимовтер әулетінде бүгін үлкен той! Айнамкөз есімді сұлуды ұзатып алған әнші Серік Ибрагимов келіншегін ауылына алып барды. Айнамкөздің беташарына бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындары түгел жиналды.

  • 11 Қазан 2016
  • 5081
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жаңа түскен келіннің бетін ашу міндеті Төреғали Төреәліге жүктелді. Ұлы дала баласы өзінің айтыстағы жыр мақамына салып:

«Қол ұстасып келгенде екі ғашық,

Ата-ана күтіп отыр етін асып.

Айнамкөздей кеп жатқан келінімнің

Солақайлап берейін бетін ашып», – деп беташар рәсімін бастады.

14701262_1378171885534015_5942111567825862656_n

Бүгінгі той басқалардан өзгерек болды. Себебі Ибрагимовтің келіншегі елге сахнада тұрып, сәлем салды. Оны Төреғали де әзілге айналдырды.

«Серікті құрметтейді енді Алашым,


Айнамкөз, айналайын, енді анасың.

Сахнада тұрып ап беті ашылған,

Шырағым Түгіскенде сен ғанасың», – деді Ұлы дала баласы.

Айта кетейік, үлкен той 12 қазанға жоспарланған. Серіктің продюсері Алтынбек Рахметов тойға 550 адам шақырылғанын, оның тең жартысы өнер жұлдыздары екенін айтқан еді.