Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды

Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды

Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды. 

  • 12 Қазан 2016
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін ақысыз болады.

Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3 мыңға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.

«Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», — дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.