Алматылықтардың күткен автобустары келмей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.1
  • 583.64
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтардың күткен автобустары келмей жатыр

Алматылықтардың күткен автобустары келмей жатыр

Алматыда қала тұрғындары 14 қазанға қараған түні алғашқы қардың куәсі болды.

  • 14 Қазан 2016
  • 566
Фото - Caravan.kz

Алайда таңғы уақытта олардың көтеріңкі көңіл-күйін өз уақытында келмей жатқан қоғамдық көліктер түсіріп, көбісі таксидің қызметіне жүгінуге мәжбүр болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Нақтырақ айтқанда №121 және №32 бағытындағы автобустар тіпті жоқ десе де болады. "Аялдамада 40 минуттан аса уақыт тұрдым. Көшеде ауа температурасы нөлден төмен, алғашқы қар түсті ғой бүгін. Сөйтіп, жұмысқа таксимен баруға тура келді", — дейді Алматы тұрғыны. 

Еске салайық, кеше, 13 қазанда қалада 40-қа таяу автобус жолға шықпаған еді. № 30, 32 және 121 бағытындағы автобустардың жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпай қойған. Салдарынан мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер діттеген жеріне жете алмай, қиналды.