Бұл туралы "NewTimes.kz" АА жазады.
«Ол менің жалғыз ұлым. Екеуіміз ғана өмір сүреміз. Маған көмектесіңіздерші, мен ұлымды 16 қазаннан бері көрген жоқпын. Қайда екенін білмеймін. Оның бүйрегі ауыратын еді, көзі нашар көреді (-5). Ол қымбат фотоаппаратты ала кеткен еді, соның кесірінен оған бірдеме болды ма деп қауіптенем. Біз полицияға арыз жаздық. Алайда олар әлі күнге дейін ештемені тексерген жоқ», — дейді ботадай боздап анасы Гүлбану Қосылбекова.
Әйел адам қандай да бір ақпараты бар адам 87012630409 немесе 87078095928 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.