Caravan.kz тілшісі солардың біразына тоқталуды жөн көрді.
Феминизмді жақтаушы, блогер Әлия Қадырова продюсердің бұл қадамына қайран қалыпты. Ол мұны ақылға сыймайтын әрекет деп отыр.
Продюсер әлгіндей қадамға балалары үшін барғанын айтқан еді. Ал Әлия Қадырова бұған қатысты былай дейді: «Балаларын ойласа, қылмыскер әкені жазалау керек еді. Перзенттерінің қауіпсіздігі үшін оны қоғамнан аластау қажет. Баян Мақсатқызы Динара Сәтжанға берген атышулы сұхбатында тұрмыстағы зорлық зомбылық мәселесін көтеріп, әйелдерді қорғайтын ұйым құру туралы айтты ғой. Ал мынау әрекеті сондағы сөздерімен мүлдем қабыспайды».
Ал отбасылық психотерапевт Ирина Волкова мұны Баянның пейілінің кеңдігінен деп есептейді. «Күйеуі темір торға қамала ма, жоқ па, бұл Баянды қызықтырмайды. Ол кек сақтап отырған жоқ. Тек енді күйеуімен бірге тұрмайды. Ол ойлана келе осындай ұйғарымға келген» дейді И.Волкова.
Баян Мақсатқызының өзі Instagram-дағы парақшасына былай деп жазды: «Оны кешірдім. Бұл – өз ұйғарымым. Осы өткелден өтттім. Өмірім ары қарай жалғасады. Балаларымның әкесі бар. Ал мен енді өз бақытымды іздеймін…»
Бұған қатысты да талай пікір айтылды. Мысалы, Gulnrzhumasheva деген қолданушы: «Бәріміз пендеміз ғой. Бірақ әркім осылай тектілік таныта бермейді. Тек ақылдылар ғана кекті қойып, кешірім жасай алады. Бұған еш өкінбеңіз. Алдағы өміріңіз жарқын болсын» депті.
Ал Zhanar_km «Дұрыс шығар. Бірақ ол енді сізді жайыңызға қалдырады деп ойлайсыз ба?» дейді.