Дебаттың шарықтау шегі Республикалық партия атынан үміткер Дональд Трамптың 8 қарашадағы сайлауда жеңіліс тапса неге уәде беретінін айта алмаймын деген мәлімдемесі болды.
«Баспасөздің көпшілігі өшпенділікпен қарап, ұялмай қарсы кампания жүргізіп жатыр. Мұның бәрі сайлау процесінің заңдылығына күмән келтіреді. Мұнан басқа сайлау тізімінде дауыс беруге құқығы жоқ миллиондаған адамның тізімі бар. Сол себептен мен бұл сайлау аяқталғаннан кейін, оның нәтижесін мойындаймын ба, жоқ па жауабын сайлаудан кейін айтамын», — деді Трамп.
Дебат барысында сыртқы саясаттан, иммиграцияға дейін, Сирия және Ирак мәселесі, үміткерлердің экономикалық жоспарлары туралы сұрақтар қойылды. Демократиялық партия атынан үміткер Хиллари Клинтон мәлімдегендей, Ресей АҚШ кампаниясына қарсы тыңшылықпен айналысып, сайлау процесіне араласып жатыр. Трамп хакерлік шабуылдарды Ресей жасағаны туралы Клинтонның нақты дәлелі жоқ деді.
Хиллари Клинтон да, Дональд Трамп та оппоненттерінің президент болуға лайық кәсіби, жеке біліктіліктерін мойындамады. Дебаттан кейін СNN тапсырысы бойынша сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде көрермендердің 52 пайызы дауысын Хиллари Клинтонге, 39 пайызы Дональд Трампқа берген.