Оқушылар уланған «Далал» атты араб иіссуы сауда айналымынан алынып тасталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушылар уланған «Далал» атты  араб иіссуы сауда айналымынан алынып тасталуы мүмкін

Оқушылар уланған «Далал» атты араб иіссуы сауда айналымынан алынып тасталуы мүмкін

Маңғыстау облысының оқушылары уланған «Далал» деп аталатын араб иіссуының құрамынан зиянды токсин табылса, иіссу сауда айналымынан алынып тасталады. Оны атақты «Ал-Рехаб» фирмасы шығарған.

  • 21 Қазан 2016
  • 796
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 31-арна хабарлады  Айта кету керек, Шетпе ауылында ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түскен болатын. Алшын Меңдатұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары косметикалық бұйымды дүкеннен сатып алып, сабақ үстінде кезекпен сепкеннен соң, өздерін нашар сезіне бастаған еді.

Алты оқушының денсаулығына зиян келтірген араб әтірі сараптамаға жіберілді. Қорытындысы ертең дайын болады. Қазір жергілікті прокуратура өкілдері «Ясин» дүкеніндегі барлық тауарды тексеріп жатыр. Тіпті оқыс жағдайдан кейін дүкен қожайыны жауапқа тартылады деді, — мамандар. Ал облыстық білім басқармасы бұдан былай балаларға мектепке косметикалық бұйымдарды алып кіруге қатаң тыйым салды