Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы алдында 2017 жылғы 28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың ашылуына 100 күн қалғаны аталып өтілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.
Салтанатты шараға қала басшысы Бауыржан Байбек қатысты.
«Алматы 1 000 жыл мәдениеттің ошағы болып келеді. Бұл күнде Алматы спорттың, мәдениеттің, қаржының, жастардың ошағы», — деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Бүгінгі айтулы шарада Универсиаданың басты әнұраны таныстырылды.
Әнұран авторы — Ислам Рақымжанов.