Алматыда жігіттер кептеліс кезінде жолдың ортасында би биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жігіттер кептеліс кезінде жолдың ортасында би биледі

Алматыда жігіттер кептеліс кезінде жолдың ортасында би биледі

Желіде жолдың қақ ортасына шығып алып би билеген екі жігіттің видеосы пайда болды.

  • 24 Қазан 2016
  • 1170
Фото - Caravan.kz

Ролик Инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланған. Жолда билеген жігітті кептелісте тұрған көлік жүргізушісі түсіріп алыпты. Биші жігіттер лимузиннен секіріп түсіп, өнерлерін паш ете бастаған.

Би 10 секундтай уақытқа созылған. Олардың әрекеттерін сигнал берген лимузин жүргізушісі бұзады. Мемлекеттік тіркеудегі нөмір таққан көліктегі жігіттердің оқиғасы Алматыда болған.

Жолдың ортасына шығып алып би билеген жігіттерді сынаған да, қолдаған да адамдар жетерлік.