Ақтөбеде "Украинада соғысқан" тұрғынға қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде "Украинада соғысқан" тұрғынға қатысты сот басталды

Ақтөбеде "Украинада соғысқан" тұрғынға қатысты сот басталды

Ақтөбе соты өзін-өзі "Донецк халық республикасы" (ДХР) деп жариялап алған құрылымның қатарында "Украина әскеріне қарсы со

  • 24 Қазан 2016
  • 688
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе соты өзін-өзі "Донецк халық республикасы" (ДХР) деп жариялап алған құрылымның қатарында "Украина әскеріне қарсы соғысты" деп айыпталған Максим Ермоловқа қатысты қылмыстық істі қайта қарай бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Осыған дейін ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүрген күдікті алғашқы екі процесске келмей, оған тамыздың 29-ы күні іздеу жарияланған болатын.

Жуырда күштік құрылымдардың қолына түскен күдікті қазір уақытша тергеу изоляторында отыр. Ақтөбе қалалық №2 соты Максим Ермоловтың ісін бүгін яғни, 24 қазанда қайта қарай бастады.

Күдікті өзіне тағылған айыпты мойындап отырған жоқ. Айтуына қарағанда, ол түрмеге түсуден қорыққандықтан осыған дейін сот отырыстарына келмей қойған.

Ақтөбе облыстық сотының хабарлауынша, жергілікті тұрғын Максим Ермолов 2014 жылғы қыркүйек пен 2015 жылғы ақпан айы аралығында Украинаның Донецк облысына барып, әскери қақтығыстарға қатысқан, қолына қару алып, ДХР жетекшілерінің түрлі тапсырмаларын орындаған, Донбасстағы «Оптима» қонақ үйіне бекінген әскери бөлімді күзеткен.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Максим Ермоловты 2015 жылы ақпан айында жеке шаруаларымен Қазақстанға оралғанда ұстап, оған қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша айып таққан.