Ямалдағы әуе апатында қаза тапқан Андрей Афонин Қазақстанда жерленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ямалдағы әуе апатында қаза тапқан Андрей Афонин Қазақстанда жерленеді

Ямалдағы әуе апатында қаза тапқан Андрей Афонин Қазақстанда жерленеді

Ямал аймағында МИ-8 тікұшағында мерт болғандардың бірі - Солтүстік Қазақстан облысының тумасы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

  • 25 Қазан 2016
  • 363
Фото - Caravan.kz


Андрей Афонин Мағжан Жұмабаев ауданындағы Александровка ауылында тұрған және механизатор болып еңбек еткен. Бірнеше жыл бұрын Омбы облысына көшіп, «Спецстрой» компаниясына жұмысқа тұрған. Онда вахталық әдіспен жұмыс істеген. А.Афониннің анасы мәйітті тануға аға-жеңгесінің кеткенін айтты. 
Болған оқиғаға ана жүрегі сенер емес. Андрейді туған ауылына жерлейді. Оның жасы бар болғаны 35-те еді және артында әйелі мен қызы қалды. 
Еске сала кетсек, 21 қазан күні «Скол» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы Ямал маңындағы Уренгой ауылында апатқа ұшырады. 
Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. Ресей ТЖМ хабарлауынша, үш адам ғана аман қалды.