Алматы хайуанаттар бағы ажал аузында тұрған жан-жануарлардың тізімін толықтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы хайуанаттар бағы ажал аузында тұрған жан-жануарлардың тізімін толықтырды

Алматы хайуанаттар бағы ажал аузында тұрған жан-жануарлардың тізімін толықтырды

Алматы хайуанаттар бағының жетекшілігі өз сайтында өлім аузында тұрған жан-жауарлардың тізімін тағы да толықтырды. Бұл туралы Tengrin

  • 26 Қазан 2016
  • 1723
Фото - Caravan.kz

Алматы хайуанаттар бағының жетекшілігі өз сайтында өлім аузында тұрған жан-жауарлардың тізімін тағы да толықтырды.

Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлады.

Мәселен қазір тазқара, америкалық сарыбауыр жылан, суматралық кобра ауыр жағдайда.

Сондай-ақ тізімде түрлі ауруға шалдыққан хайуанаттар да бар. Бірақ, олардың жағдайы әзірге қанағаттанарлықтай.

Сондай-ақ, өлген жан-жануарлар жайлы да мәліметтер келтірілген. Мысалы биыл жыл басынан бері 20 жануар өліпті. Олардың арасында керік, айдаhар жылан, ақбөкен, сілеусін, таутайлақ, қодас, қаршыға, тауешкі,бұғы, гепард, тотықұс, ителгі,сасықкүзен бар.

Жақында өлген керіктің себептері де анықталған екен. Сайттағы мәліметтерге қарағанда түз жануары бас миындағы ісінуден ажал құшқан.


Сондай-ақ, гепард та псороптоз, аскаридоз, өкпе қабынуы сияқты түрлі дертен көз жұмған.