Ол оқыған №39 орта мектеп өкілдері қыздың үлгілі отбасынан шыққанын, сабақты жақсы оқығанын айтуда.
— Оқиға үйде болған. Қазір ешнәрсе айта алмаймыз, бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда, — деді №39 орта мектеп директоры Елена Любченко.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі төтенше оқиғаның 20 қазан күні, шамамен түнгі 11-де болғанын хабарлады. Өзі тұратын үй ауласынан оқушының өлі денесі табылды. Ол асылып өлген.
«Алдын ала болжам бойынша, жігітімен араздасып қалғандықтан қыз өзіне-өзі қол салған», — деді прокуратура.
Аталған факт Орал қ. ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұл жаңа оқу жылынан бергі екінші жасөспірім суициды. 23 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде 12 жастағы оқушы асылып өлген еді.