Тасмағамбетов Талхиз қалашығының маңындағы барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасмағамбетов Талхиз қалашығының маңындағы барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Тасмағамбетов Талхиз қалашығының маңындағы барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы «Талхиз» орта ғасырлық қалашығының сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

  • 27 Қазан 2016
  • 1450
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі таңда мәдени мұра нысанын сақтап қалудың өзектілігі өте маңызды саналады. Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері қарай тарихи нысан халықаралық мәртебеге ие, оны пайдалану, қорғау, сақтау және басқаруда 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім — Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвенцияның тәртібі мен нормасы қолданылады.

Кеңес барысында вице-премьер атап өткендей, осынау Конвенцияны ратификациялау осы мұраны қорғау, сақтау, қайта қалпына келтіру және насихаттау үшін құқықтық, ғылыми, техникалық, әкімшілік және қаржылық шараларды қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жауапкершілік пен міндеттемелерді жүктейді. Алайда, Талхиз қалашығы жағдайында жоғарыда аталған миссияны орындауда мемлекеттік органдардың алдын-ала келісілмеген іс-қимылы нысанды әлемдік мұра тізімінен алып тастауға себеп болмақ.

«Бұл орайда, тарихи нысанның ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізімінде қалуы және терең археологиялық зерттеуге берік негіз қалыптастыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Сондықтан, алдағы тәжірибелік іс-қимылдарды орындауда нақты нәтижелерді білу үшін ғылыми-барлау зерттеулерден тұратын кешенді шараларды жүзеге асыруымыз қажет», — деді Иманғали Тасмағамбетов.


Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен келесі шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді: