Қазақстандық балалардың суреттері Женевада БҰҰ штаб-пәтеріндегі көрмеге қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық балалардың суреттері Женевада БҰҰ штаб-пәтеріндегі көрмеге қойылады

Қазақстандық балалардың суреттері Женевада БҰҰ штаб-пәтеріндегі көрмеге қойылады

Онкологиялық ауруға шалдыққан қазақстандық балалардың суреттері БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтеріне қойылады.

  • 28 Қазан 2016
  • 694
Фото - Caravan.kz

Бұл әлеуметтік жобаның авторы – Лариса Инджуджян. Франция азаматшасы осы ойын жүзеге асыру үшін Қазақстанға арнайы келіпті. Оның айтуынша, кішкентай науқастар сурет салу арқылы ауруларын ұмытады. Сонымен қатар олар қағаз бетіне ішкі сезімдері мен арман-қиялдарын түсіреді. Балаларды бұл өнерге Қазақстанның үздік қылқалам шеберлері баулиды. Лариса Инджуджян әлем бойынша 150-дей суретті көрсетіп жүр. Көрме Монако, Брюссель және Париж қалаларында өткен.

— Біз осындай шеберлік сағаттарын Парижде өткізіп, суреттерді сол жақтың науқастарына көрсеттік. Олар «Бәйтеректі» салса, қазақстандық балалар «Эйфель» мұнарасын салды. Бұл туындылар Париждегі ЮНЕСКО-да қойылды. Ал 12-13 желтоқсанда Женевадағы штаб-пәтерде өтеді, дейді жоба авторы Лариса Инджуджян.