Астанада атышулы істі қарап жатқан судья бүгін Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты тергеуді аяқтап, үкім шығару үшін кеңесу залына шығып кетті. Әзірге билікті күшпен басып алмақ болған Төлешовке қандай жаза кесілері белгісіз, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Сот процесі бір жарым айға созылып онда мемлекеттік құпия айтылғандықтан, жабық түрде өткенін айта кетейік. Төлешовке қарақшылық, қылмыстық топ құрған, адамды заңсыз ұрлап, кісі өлтірген, билікті күштеп басып алмақ болды деген 16 бап бойынша күдікке ілініп отыр.
Қалталы кәсіпкер осы жымысқы ойын іске асыру үшін жер сатуға қарсылық білдірген халықты пайдаланбақ болғанын айтқан еді. Сөйтіп, жаппай митинг ұйымдастырып, билікті басып алмақ болған. Егер сот шымкенттік олигархты кінәлі деп тапса, ең ауыр жаза арқалауы мүмкін.