Қарағандыда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті

Қарағандыда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті

Қарағандыда Mercedes-Benz жеңіл көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

  • 29 Қазан 2016
  • 792
Фото - Caravan.kz

Жол апаты сенбі, 29 қазан күні таңертең «Көгілдір тоған» шағынауданында орын алды.

«Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 35 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобусқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шетел көлігінің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты. Осы автокөліктің 4 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.