Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

Түркияда Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген айыппен 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Anadolu-ға сілтемемен «Хабар 24» хабарлайды.

  • 31 Қазан 2016
  • 373
Фото - Caravan.kz

Resmi Gazete-нің ресми деректері бойынша 10 мың 131 жұмысшы жұмыстан босатылған. Оның ішінде 32-сі парламент шенеунігі, 183 адам кассациялық соттан, 2534 адам елдің әділет министрлігінен, 102-сі сыртқы істер министрлігінен, сондай-ақ 101 адам Түркияның Қарулы күштерінен, деп жазды gazeta.ru.

Сонымен қатар тағы 15 БАҚ, оның ішінде Dicle жаңалықтар агенттігі мен көптеген газет-журналдар жабылды. Олар Күрдістан жұмысшылар партиясының идеяларын насихаттағаны үшін айыпталды.