Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың әжесі Елбасыға хат жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың әжесі Елбасыға хат жазды

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың әжесі Елбасыға хат жазды

Ақтауда педофилдің құрбаны болған 6 жасар қыздың әжесі Анжелика Насирова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды, деп хабар

  • 5 Қараша 2016
  • 814
Фото - Caravan.kz

Ақтауда педофилдің құрбаны болған 6 жасар қыздың әжесі Анжелика Насирова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Оның айтуынша, 2 қараша күні немересіне «мидың өлуі» деген диагноз қойған.

«Сізге алты жасар жиенім, қызымның баласы Виктория Мининаның қайғылы жағдайына байланысты амалсыздан хат жазып отырмын. Ақтауда 20 тамыз күні психиатриялық есепте тұрған жергілікті қылмыскер кішкентай қызға зорлық жасағаны жайлы жаңалықтардан естігеніңізге сенімдімін. 2 қарашада Ана мен бала ұлттық ғылыми зерттеу орталығындағы неврологтар оған «мидың өлуі» деген диагноз қойды. Құлыншағымызды бізден әкетіп бара жатыр, қайғыдан еңсемізді көтере алмай отырмыз», — делінген хатта.

Today.kz порталының мәліметінше, Анжелика Насирова соңғы жылдары регенерациялық медицина мен клиникалық неврологияның өзара әрекеттесуінің арқасында әлем ғалымдары осы саладағы шектеулерді кеңейтуге алғашқы қадамдарды жасағанын атап өткен. Сондай компаниялардың бірі Американың Bioquark Inc биотехнология компаниясы саналады.

«Компания регенарация жөніндегі әртүрлі зерттеу жобаларымен қатар айналыса отырып, «мидың өлуі» деген диагноз қойылған, алайда жасанды жолмен тыныс алып жатқан науқастарды алдын ала зерттеумен шұғылданатын Reanima жобасын жасады, ол әлемде «тірі мәйітті» зерттеу деп аталады. Аталған зерттеудің нәтижесінде ми қалпына келуі мүмкін», — деп жазды Насирова.

Оның айтуынша, балақайдың туыстары осындай зерттеу жүргізуге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің келісімін ала алмай отыр.


«Біз бұл зерттеу саласында енді ғана қолға алынып жатқанын түсінеміз, тәуекел анау айтқандай үлкен емес, десек те жергілікті деңгейде осындай кедергіге тап келіп отырмыз, бұл адамгершілікке жатпайды. Олар өлді саналған адамға одан әрі зиян келтірмеу керек дегенді алға тартып отыр. Ақылға сыймайды ғой! Құрметті Президент, мен Сіздің адам өмірін ұзарту мүмкіндігі саласындағы жеке қызығушылығыңыз бен Қазақстанды кәрілікке қарсы адам мүмкіндігі саласындағы инновациялық орталыққа айналдырғыңыз келетіні туралы көп оқыдым. Біз «өлімге қарсы» саладағы зерттеулерді қатар жүргізуге неге рұқсат бермейтінін түсінбейміз. Сізден біздің өтінішімізді қарастырып, баламызға жанашырлық танытып, рұқсат беруіңізді сұраймыз, өйткені одан басқа біздің амалымыз қалмады, бұл соңғы мүмкіндігіміз» , — делінген хатта.