Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Шариғат шартын орындап, хиджаб киетін қыз-келіншектердің шаш күтіміне келгенде кәдімгідей қиындық көретіні жасырын емес. Ал, температура тілшігі +30 градустан төмен түсетін кез сирек болатын Индонезия мұсылмандары үшін бұл жағдай тіптен қиын.
Осы қолайсыздықты ескерген Unilever компаниясының жергілікті бөлімшесі Sunsilk маркасындағы сусабынның арнайы түрін шығарып отыр.
Айрықша құрамға ие аталмыш сусабындардың, тіпті, шаш түрлеріне орай бірнеше түрге де бөлінеді.
Бағасы 1,5 доллар тұратын айрықша шампунь басты терлеуден қорғайтын көрінеді.