Әлеуметтік желіде "Алматы Тауэрс" ғимаратындағы қайғылы оқиғадан көз жұмғандардың суреттері жарияланды. Марқұмдар Қазақ ҰУ, ҚазҰТУ мен ҚазМҰУ-да оқып жүрген.
"Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың бесеуінің де студенттер екенін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі де растаған болатын. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталына баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.
Олар 1994, 1995, 1996 жылғы өрімдей жігіттер. Сенбі, жексенбі күндері арзан жұмыс күшін іздейтіндерге жарнама арқылы хабарласып, жалданып жұмыс істеген.