Almaty Towers өкілдері марқұм студенттердің өздерін кінәлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Almaty Towers өкілдері марқұм студенттердің өздерін кінәлап отыр

Almaty Towers өкілдері марқұм студенттердің өздерін кінәлап отыр

Бүгін Шымкентте Almaty Towers бизнес-орталығындағы өрттен қаза тапқан студент Абылайхан Зұлпыбековтың жаназасы оқылып, денесі жер қойнауына тапсырылды.

  • 9 Қараша 2016
  • 441
Фото - Caravan.kz

Марқұм небәрі 20 жаста болатын. Ол Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-де "Машина жасау" мамандығы бойынша грантта оқыған. Демалыс күндері Абылайхан Almaty Towers кешенінің құрылыс жүріп жатқан нысандарына барып, әрлеу жұмыстарымен айналысыпты. Алайда, бұл туралы оның ата-анасы білмеген.

"Оның Алматыда жұмыс істейтінін біз білмедік. Егер білсек, міндетті түрде тыйым салар едік. Жұмыс берушілерге, бизнес-орталықтың басшыларына біздің айтарымыз бар. Өрт өзімен өзі тұтанбайды. Менің ойымша, қауіпсіздік шаралары ол жерде сақталмаған. Жауапты тұлғалар жазаға тартылуы керек. Біз соған қол жеткізетін боламыз", — дейді Абылайханның әкесі Асан Молдияров.

"Компанияның өзі бізге шағымданып отыр. Біздің балаларымыз өздері кінәлі дейді. Балаларыңыз өрт болғанда заттарына қарай жүгірді дейді. Бірақ, шындығында олай болмаған. Мен сол өрттен аман қалған студенттердің бірімен сөйлестім. Оның айтуынша, ғимарат өртенгенде балалар іште құлтанып қалған. Ол іште адамдардың қалып қойғанын айтып айғайлапты. Бірақ, ішке қарай ешкімді жібермеген", — дейді марқұмның ағасы Махмут Молдияров.


Абылайхан отбасында ортаншы бала болған. Оның әпкесі және 15 жастағы інісі бар.

Айта кетейік, Almaty Towers ғимаратының өртенуі салдарынан 6 адам қайтыс болды. Олардың бесеуі студенттер, төртеуі ОҚО-дан.